Ероғлұ Трабзонға келді

Дервиш Ероғлұ понтилардың Грекиямен бірлесу қиялында екенін айтты.

100730
Ероғлұ Трабзонға келді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының елбасы Дервиш Ероғлұ Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұның Әділет және өркендеу партиясының төраға үміткері және премьер-министр үміткері болуын бағаландырды.
Дервиш Ероғлұ Кипр тақырыбындағы конференцияға қатысу үшін келген Трабзондағы әуежайда ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Дауытоғлұна телефон шалып, оны құттықтағанын айтты.
Дауытоғлұмен Сыртқы істер министрі кезінде Кипр келіссөз процесінде байланысты көп кеңес өткізгендерін білдірген Ероғлұ «Бір-бірімізді жақын танитын жақсы доспыз. Табысқа жетуіне тілектеспін» деді.
Дервиш Ероғлұ Нежметтин Ербакан қоры ұйымдастырған Кипр тақырыптағы конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының понтилардың келіспеушілігін асқындырғанын айтты.
Дервиш Ероғлұ «Ақылды понтилар Грекиямен бірлесудің болмайтынын көре алады. Ал ұшқарылар болса осы қиылдың жетегінде кетуде» деп көрсетті.
Ероғлұ «Понтилардың келіспеушілігін асқындырған Біріккен Ұлттар Ұйымының іс-әрекеттері» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар