Әзірбайжанның тұңғыш президенті Элчибей еске түсірілді

Қайтыс болғанына 14 жыл толуына орай қабірі басында еске алу мерәсімі өтті

99657
Әзірбайжанның тұңғыш президенті Элчибей еске түсірілді


Әзірбайжанның тәуелсіздік қозғалысының лидері және Әзірбайжанның демократиялық жолмен сайланған бірінші президенті Эбулфез Элчибейдің қайтыс болғанына 14 жыл толуына орай марқұмның қабірі басында еске алу мерәсімі өтті.
Мерәсімге «Мүсават» және «Әзірбайжан халық қозғалысы» партияларының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Еске алу мерәсімінде сөз сөйлеушілер Элчибейдің Әзірбайжанның тәуелсіздігі үшін сіңірген еңбегіне тоқталып кетті.
Эбулфез Элчибей тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін 7 маусым 1992-жылы болған сайлауда сайланған бірінші Әзірбайжан президенті еді.
Элчибей 1918-жылы құрылған Әзірбайжан Халық Республикасының туын, ұлттық маршын, ақшасын және барлық мемлекеттік рәміздерін қайтадан қалпына келтірді.
Билікте қалған 1 жылға жуық өмірі Қарабақ соғысы мен ішкі кикілжіңдермен өткен Элчибей 22 тамыз 2000 жылы 62 жасында Анкарада ауыр науқастан қайтыс болды.
Элчибейдің қабірі астана Баку қаласында.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар