Қытайда мұсылман мемлекеттік қызметкерлер жазаланды

Қытайдың мұсылмандарға қарсы дау туғызған бастамалары жалғасуда

98461
Қытайда мұсылман мемлекеттік қызметкерлер жазаланды

Ұйғыр Автономиялық Аймағының Кашкар қаласында 15 мемлекет қызметкері діни нанымға ие болғаны, террор жұмыстарына үнсіз қалу себепті айыпталып жазаланды.
Ресми Синхуа хабар агенттігі 15 мемлекеттік қызметкеріне жұмыстан шығаруға қоса әртүрлі айыптау жазалары берілгенін жариялады.
Хабарда қызметкерлердің қай ұлттан екені мәлімденбесе де, аты-жөндері берілді.
Қытайда мемлекет қызметкерлерінің нанымға ие болуына тыйым салынған.
Пекин әкімшілігінің оразада мұсылмандарға салған ораза тұту, таравых намаздарын оқу және топтық ауызашар ұйымдастыруға тыйымының артынан Ұйғыр Автономиялық аймағында қызу артты.
Қытайдың осы тыйымдарына қарсы халықаралық қоғамнан да наразылықтар келген болатын.
Қытай қатаң бақылауға алған мемлекеттік мешіттерден басқа ислами оқуға рұқсат етпейді.
Өткен апта аймақтың астанасы Үрімші қаласында да 27 жердің заңсыз уағыз жасалғаны себепті жабылғаны және 44 заңсыз имамның тергеуге алынғаны жарияланған болатын.
Тергеуге алынғандардың діни мектептерге барғаны анықталған соң 82 баланы аталмыш мектептерден құтқару операциясы аясында жүзеге асырылғаны жарияланған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар