Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2117321
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Чанаккале рухы жолымызды нұрландыра береді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 18 наурыз шейіттерді еске алу күні және Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығына арналған салтанатта бағдарламада баяндама жасады. Ердоған баяндамасында «Бірлік бен ынтымақтастықты берік ұстаған кезде, жеті құрлықтың держава қосылып келсе де, Чанаккале рухы қорғап, жолымызды нұрландыра береді» деді.

Хүррийет газеті «ҰҚМ: ФЕТӨ-ге мүше 3 адам шекарада ұсталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Грекияға заңсыз жолмен өтпек болған 3 адамның шекара күштері тарапынан ұсталғанын және олардың ФЕТӨ (Фетуллахшы террор ұйымы) мүшесі екенін жариялады.

Ватан газеті «Байрактар ​​AKINCI "IHA-230" зымыранының қос сынағынан өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Байкардың отандық және бірегей түрде жетілдірген Қарулы пилотсыз әуе көлігі «Bayraktar AKINCI» дыбыстан жоғары «IHA-230» зымыранымен нысанасын тағы дәлдеп жойды.

Стар газеті «Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Түркиямен байланыс жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазақстан мен Түркия делегациялары Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық тақырыптарын талқылады. ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда кездесу барысында теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға шара қолданатын кемелер мен ресурстарды қорғау бойынша ынтымақтастық талқыланды.

Хабер түрік газеті «Төртінші рет «Жыл әуежайы» болды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы «Air Transport Awards» аясында төртінші рет «Жыл әуежайы» сыйлығын жеңіп алды. Грекияның Экали қаласында өткен салтанатты жиында сыйлық Стамбул әуежайының операторы «IGA» компаниясы бас директорының орынбасары Селахаттин Билгенге табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар