Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2116660
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Газада соңғы ғасырдың ең қатыгез геноцидтерінің бірі болып жатыр» деген тақырып жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы ғасырдың ең қатыгез геноцидтерінің бірі Газада орын алғанын білдіріп, «Халықаралық мекемелер мен ұйымдар Газада тағы да сәтсіздікке ұшырады. Ислам әлемінің бұл үдерісте сынақтан өте алмағанын мойындайық» деді.

Йени Шафак газеті «Терроризммен күресіміз табандылықпен жалғасады» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Бұрын жүргізілген шектеулі мақсатты және мерзімді операциялардың орнына бүгін терроризмді көзінде жою стратегиясымен үздіксіз және жан-жақты операциялар жүргізіп, террористік ұйымдарға үлкен соққы берудеміз. Терроризммен күресіміздің бейбітшілік пен қауіпсіздігіміз үшін табандылықпен жалғасатынына күмәнданбау керек» деді.

Хүрриет газеті «Грек баспасөзі түрік қорғаныс өнеркәсібінің табысы туралы жазды» деген тақырып қолданған. Түркия шығарған қаруларға мұқият анализ жасаған  Грекияның In.gr» парақшасы тамаша анализ жариялады. «Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өндірісі өзінің әскери қуатын талай рет көрсетті» деген  «In.gr» парақшасы  түрік ұшқышсыз ұшақтарының шайқас майданында із қалдырғанын жазды.

Стар газеті «Байрактар: 2024 жылды жаңалық ашу жылы деп жариялаймыз» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түркияның әлемдегі ең озық терең теңіз бұрғылау және сейсмикалық кеме флотымен алғашқы 10 елдің арасында екенін білдіріп, «2024 жылды жаңалық ашу жылы деп жариялаймыз» деді.

Сабах газеті "Германия Ресейді артта қалдырды" деген хабар жариялаған. Сәуір айынан кейінгі кезеңге Анталияда бронь жасаған неміс турист саны 1,5 миллионнан асты. Туризм мамандары немістер алғаш рет 4 миллионнан асып, орыстарды артта қалдырады деп болжап отыр.



Ұқсас жаңалықтар