Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2115837
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Денсаулық сақтау инфрақұрылымында Түркиядан жақсысы жоқ» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған әлемнің көптеген елінен келіп, Түркиядан ем іздегенін айтты. Түркияның медициналық туризміндегі үлесінің біртіндеп артып келе жатқанын түсіндірген Ердоған «Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өтініш саны 225 мыңнан асты» деді.

Сабах газеті «Терроризммен күресте Иракпен ынтымақтастық» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын Ирактың астанасы Бағдадта Ирак лауазымдыларымен кездесу өткізді. Жиналыста қауіпсіздік және әскери ынтымақтастық мәселелеріне басымдық беріліп, терроризммен күресте ортақ түсіністікті дамыту талқыланды.

Йени Шафак газеті «Ұлыбританиямен жаңа дәуір» деген хабарға орын берген. Сауда министрі Өмер Болат Лондонда Ұлыбритания Сауда министрі Кеми Баденочпен кездесті. Министр Болат Ұлыбританиямен еркін сауда келісімін жаңартуға қатысты келіссөздер басталғанын хабарлады.

Хүрриет газеті ««HSBC» Түркияның өсу болжамын арттырды» атты хабар жариялаған. Түрік экономикасындағы оң көрсеткіштер назар аударуды жалғастыруда. Британдық «HSBC» банкі Түркияның 2024 жылға арналған өсу болжамын 2,5 пайыздан 3,1 пайызға, 2025 өсуін  3,5 пайыздан 3,6 пайызға арттырды.

Стар газеті «Түркияның ғарыштық зерттеулері жеделдеді» деген хабарға орын берген. «Түркияның ғарыштық зерттеулеріне қатысты лауазым иелері сүйіншілермен бөлісуде» деген Түркияның алғашқы ғарышкері Алпер Гезеравжы «Ғарыш саласында 10 мақсат қойылды және осы мақсаттарға бағытталған жұмысымыз жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар