Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2114151
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған: Террорға қарсы күресіміз – ұлттық жаңғыру» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Рамазан айының алғашқы ауызашарын шейіттердің туыс-тамырлары және ардагерлермен жасады. Ердоған PKK және Фетуллахшы террор ұйымынан (ФЕТО) бастап, террор ұйымдарына қарсы күрестің қайта ұлттық жандану екенін атап көрсетті. Президент «Түркияны толық мағынада тәуелсіз бір мемлекетке айналдырдық» деді.

Ватан газеті «Ирактың солтүстігіндегі террор жазғы маусымда аяқталады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер осы жазда Ирак шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шеңберді аяқтау арқылы террорды мәселе болудан шығарамыз деді. Министр Гүлер «Шекарамызда 30-40 шақырымдық бір алаңға қауіпсіздік дәлізін құруға толықтай бел будық» деді.

Хабер түрік газеті «Жұмыспен қамту деңгейі Түркияда ең жоғары деңгейде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Вице-президент Джевдет Йылмаз жұмыссыздық көрсеткіштерінің орта мерзімді бағдарлама болжамдарынан да жақсы нәтиже бергенін атап, «Жұмыспен қамту көрсеткіші 49 пайыздық көрсеткішімен қазірге дейінгі ең жоғары деңгейіне жетті» деді.

Стар газеті «Алтун: Газа секторындағы шындықтарды ашуды жалғастырамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израильдің жалған ақпараттарына қарсы фактілерді ашуды өздеріне ұран алғандарын атап көрсетті. Алтун батыс ақпарат құралдарына керісінше, Анадолы агенттігі (AA) мен Түркия телерадио корпорациясының (TRT) Газа секторындағы фактілерді халықаралық қоғамның күн тәртібіне шығару үшін көп күш жұмсағанын білдірді.

Хүррийет газеті «Түркияның экономикалық саясаты мықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек халықаралық несие бағалау агенттігі «Fitch»-тің Түркияның несие бағасы мен рейтингін көтеруіне қатысты мәлімдеме жасады. Шимшек «Түркияның несие бағасы мен рейтинг болжамын көтеру экономикалық саясаттың күшін көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар