Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2105379
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған мен Рама мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараға келген  Албания премьер-министрі Эди Рамамен өткізген ортақ  баспасөз мәслихатында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды қалайтындарын білдірді. Ердоған «Албания БҰҰ-да Палестина жайлы дауыс беруінде тарихи дұрыс шешімін жасады» деді. Рама да Түркияның Албанияны көптеген мәселеде қолдағанын және осы үшін ризашылықтарын білдірді.

Хүрриет газеті «Рама: Түркия маңызды актер» атты хабар жариялаған. Албания премьер-министрі Рама «(Газада) атысты тоқтату уақыты келді. Кепілге алынғандар босатылуы керек. Түркия  ертеңгі күннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды актер» деді.

Стар газеті «Түркия  технологияда үстемділік көрсетті» деген хабарға орын берген. Түркия түрік инженерлері әзірлеген бағдарламалық құралмен әлемдік авиацияда жаңалық жаратты. Әлемдік авиацияда ортақ тілді дамытуға күш салатын бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі бірдей секторда жұмыс істейтін әлемдегі ең үлкен екі бағдарламалық жасақтаманың кемшіліктерін жояды.

Сабах газеті «Отандық  ұшқышсыз әуе аппараттары қозғалтқыштары өте ерекше» атты хабар жариялаған. Түрік аэроғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) Бас директоры Махмут Фарук Акшит жоғары технологиямен ұшқышсыз әуе аппараттары қозғалтқыштарын өндіргендерін баяндап, «Әлемде бәсекелестеріміз бар, бірақ біздің қозғалтқышымыз шынымен де өте күшті және олардың барлығынан жақсы» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ-та алғаш рет түрік азаматы Америка Конгресі тарапынан марапатқа ие болды» деген хабарға орын берген. АҚШ Конгресі алғаш рет АҚШ-та тұратын түрік азаматын өзі тұратын штаттағы қоғамға қосқан үлесі үшін алғыс грамотасымен марапаттады. Хусейін Байрам ұзақ жылдар бойы АҚШ-та түрік тағам мәдениетін насихаттауда қызмет етіп келеді.



Ұқсас жаңалықтар