Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2104813
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Тарихи мүмкіндіктер терезесі ашылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен Анкарада өткізген баспасөз мәслихатында Арменияның Қарабахтағы басқыншылығының аяқталуымен аймақта тұрақты бейбітшілік үшін тарихи мүмкіндіктер туындағанын атап көрсетті. Ердоған «Әзербайжан мен Армения арасында ашылған бұл мүмкіндіктер терезесінің жабылмауы өте маңызды» деді.

Хабер түрік газеті «Әлиев: Түркия әлемде назарға алынған ел» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияның қазіргі таңда әлем назарға алған ел екенін білдірді. Әлиев «Түрік әлемінің бірлігі мен ортақ мәдениеті бар халықтардың қатар өмір сүруі  Түрік мемлекеттері ұйымына мүше әрбір елді күшейтеді» деп бағалады.

Хүррийет газеті «Грек БАҚ: Ердоған – күшті бір актер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Афины Анкара-Каир жақындасуын мұқият қадағалап отыр. Грек баспасөзі Түркияның соңғы уақытта басқан қадамдарымен геосаяси сахнада «әлдеқайда күшті» тұғырға көтерілгенін жазғанымен, президент Ердоғанның аймақта елеусіз қалдыра алмайтын күшті бір актер екеніне назар аударды.

Стар газеті «Ресей: Түрік дипломатиясының табандылығы мақтауға ие» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресейдің Түркиядағы елшісі Алексей Ерхов Түркияның Ресей мен Украина арасында атысты тоқтатуды қамтамасыз етуі, кейін болса шешім үдерісіне үлес қосу ниетімен Қаратеңіз астық бастамасын тұрақты түрде қолдаудағы табандылығын мақтауға тұрарлықтай екенін мәлімдеді.

Йени шафак газеті «Түркияда жұмыссыздық азайып, жұмыспен қамту көбейіп жатыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядағы жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың төртінші тоқсанында алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 0,4 балл төмендеп 8,8 пайыз жүзеге асты. Осы кезеңде жұмыссыздар саны 137 мың адамға азайып, 3 миллион 70 мың адамға жетті. Жұмыспен қамтылғандар саны өткен тоқсанмен салыстырғанда осы кезеңде 195 мың адамға өсті.



Ұқсас жаңалықтар