Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2104156
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «8 террорист залалсыздандырылды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, терроризммен күрес ел ішінде де, шекара сыртында да табанды түрде жалғасуда. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Пенче-Килит» операциялық аймағында 8 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Сабах газеті Путиннің сөздеріне орын берген. Ресей президенті Владимир Путин Еуропаға наразылық білдіріп, « Олар үнемі Ресей энергия ресурстарын бермейді, шектейді деп айтып отыр. Біз ештеңені шектемейміз, барлығын қамтамасыз етіп отырмыз. Ең сенімді серіктес түріктер болды. Түрік Ағыны арқылы жөнелтіп отырмыз» деді.

Хүрриет газеті «Министр Кажыр Сауд Арабиясының Инвестиция министрімен кездесті» деген тақырып қолданған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр кеше Стамбулда Сауд Арабиясының Инвестиция министрі Халид Аль-Фалихпен кездесті. Министр Кажыр әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі жоғары деңгейге көтеретін қадамдарды талқылағандарын білдірді.

Стар газеті «Түркия әуе кеңістігі жергілікті және ұлттық құралдармен бақыланады» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу түрік инженерлері әзірлеген Түркияның алғашқы отандық азаматтық бақылау радарының қызметке берілгенін және Газиантеп әуежайында қызмет көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Хабер Түрік газеті туризм туралы хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой туризмдегі деңгейдің күннен-күнге көтеріліп келе жатқанына назар аударып, 2028 жылы турист саны бойынша әлемде алғашқы үштікке ену арқылы  100 миллиард доллар табыс алуды мақсат еткендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар