Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2101533
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғанның F-16 мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі президенттік кабинет отырысынан кейін жасаған мәлімдемесінде «АҚШ-пен біраз уақыттан бері жалғасқан «F-16» әскери ұшақ сұранысының оң нәтижесіне ризамыз» деді.

Стар газеті «Израильдің Рафах қаласына жасаған шабуылдарына Түркиядан наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Газа секторына осы уақытқа дейін Израиль жасаған шабуылдар мен қырғындардың артынан оңтүстіктегі Рафах қаласына бағытталған шабуылдардың күшеюіне қатты алаңдаймыз. Бұл операцияны Газа халқын өз жерлерінен айдау жоспарының бір бөлігі деп санаймыз» делінді.

Хабер түрік газеті «Алпер Гезеравжы еліне оралды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжының ұшағы кеше Анкара Есенбоға әуежайына қонды. Гезеравжы баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесінде «Қиындық көрген сәтім болған емес» деді. Кейін Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжыны қабылдады.

Ватан газеті «Уралоғлу: Пилотсыз әуе көліктеріміз «Түріксат» жер серігі арқылы басқарылатын болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Түркияның отандық пилотсыз әуе көліктерінің «Түріксат» жер серіктері арқылы басқарылатынын білдірді.

Сабах газеті «Жұмыссыздық бір таңбалы санда қалды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі желтоқсан айындағы жұмыссыздық көрсеткіштерін жариялады. Түркияда жұмыссыздық желтоқсан айында бір таңбалы санда қалып 8.8 пайызға жетті.



Ұқсас жаңалықтар