Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2101010
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Біз қалалық трансформация процесін одан әрі жеделдетеміз» деген тақырыпқа орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған 2023 жылы 6 ақпанда болған Кахраманмараш жер сілкіністерінен кейін аймақты жандандыру үшін күш-жігерлерін қарқынды түрде жалғастырғандарын атап көрсетті. Хабарға қарағанда, Ердоған қаланы өзгерту үдерісін одан әрі жеделдететіндерін айтты.

Хүрриет газеті «Қауіпсіздік атмосферасына жол бермейміз» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған Әділет және даму партиясынан Стамбул Күчүкчекмеже ауданы кандидаты Азиз Йениайға жасалған қарулы шабуылға наразылық білдірді. Ердоған «Түркияның қауіпті ортаға тартылуына ешқашан рұқсат бермейміз» деді.

Стар газеті Пентагонның сөздеріне орын берген. Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) өкілдері түрік қорғаныс өнеркәсібін мақтады. Олар «Біз түрік қарулы ұшқышсыз ұшу аппараттары технологияларындағы жаңашыл жаңалықтарды қызығушылықпен қадағалап отырмыз. Түрік ұшақтары құрлық соғыстары туралы жазылған доктриналарды түбегейлі өзгертті» деді.

Сабах газеті «Түркиядағы әйел ғалым саны Еуропа мен OECD елдерінен жоғары» атты хабар жариялаған. Түркияда университеттердегі әйел ғалым саны 46,4 пайызға артты. Осылайша Түркия Еуропа мен Экономикалық Даму және Ынтымақтастық Ұйымы (OECD) елдерінде 43 пайыз болып табылатын әйел ғалым орташасынан асып түсті.

Хабер Түрік газеті «Биржа Стамбул 2024 жылы шыңға жетті» деген тақырып қолданған. «Биржа Стамбулдың» BIST 100 индексі жыл басынан бері 21,1 пайыз кірісімен әлемнің негізгі индекстерін басып озды. Рекорд деңгейін жақсартуды жалғастырған BIST 100 индексінен кейін 10,3 пайызбен Жапонияның Nikkei 225 индексі келді.



Ұқсас жаңалықтар