Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2099449
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Гезеравжының Жерге оралу сапары басталды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжының жерге оралу сапары басталды. Ғарышкерлер Халықаралық ғарыш стансасынан (кеше) жергілікті уақытпен  17.20-да шықты. Оралудың шамамен 48 сағатқа жалғасатыны болжалуда.

Стар газеті «Хамас-тың атысты тоқтату ұсынысы үшін Түркияның кепілгерлігі шарты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хамас Газа секторындағы атысты тоқтату үшін жасағандары ұсыныста Түркия, Мысыр, Катар, Ресей және БҰҰ-ның кез-келген келісімге кепілгер болуын талап етті.

Хүррийет газеті «Столтенбергтен Украинаға Түркия берген қолдауды үлгі ретінде көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО одақтастарының Украинаға қару-жарақ және оқ-дәрі көмегіне байланысты жасаған мәлімдемесінде Түркияны мысал ретінде көрсетті.

Ватан газеті «Болат: Экспортты 256 миллиард долларға көтеріп, рекорд жаңарттық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат «Экспортымыз 2023 жылы әлемдік экспорт пен импорттың төмендеуіне қарамастан Түркия ретінде 0,64 пайызға артып, 256 миллиард долларға жеткіздік. Бұл республика тарихында рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді» деді.

Йени шафак газеті «Туристтер топ-тобымен келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Британдық «BBC» телеарнасы әлемнің ең көп таңдалған туристтік 10 қаласы қатарына енген Стамбул мен Анталияға «ковид-19» эпидемиясынан кейін шетелдік туристердің топ-тобымен келетініне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар