Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2096113
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Фидан: Монтре конвенциясы аймақ қауіпсіздігінің кепілі ретінде қызметін жалғастыруда» деген хабарға орын берген. Кеше Румынияда дипломатиялық кездесулер өткізген Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Монтре бұғаздары конвенциясын бейтарап және мұқият орындауды жалғастырып жатқанын білдірді. Фидан «Монтре конвенциясы аймақ қауіпсіздігінің кепілі ретінде қызметін жалғастыруда» деді.

Стар газеті «Алтун: Осы таңда Түркия жаһандық деңгейде ойын ұйымдастырушы» атты хабар жариялаған. Австрияда шығатын «Die Presse» газетіне мақала жазған Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун осы таңда Түркияның тек өз шекараларында ғана емес, сонымен қатар аймақтық және жаһандық деңгейде ойын ұйымдастырушы. Өзіне қарсы әрекет жасауға тырысқандардың ойындарын бұзатын және  дағдарыстарды шешуде белсінде рөл атқаратын ел екенін айтты.

Хүрриет газеті «Министр Уралоғлу: Украинаның тұтастығы мен қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу кеше Стамбулда өткен «Украинаны қайта құру форумында» сөз сөйледі. Уралоғлу сөзінде «Украинаның тұтастығы мен қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. Президентіміз бұл түйінде көзқарасын айқын білдірді. Қысқа мерзімде Украинаның тұтастығының жүзеге асуын үміт етеміз» деді.

Сабах газеті «Министр Ерсой  көрсеткіштерді жариялады» атты хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой кеше жасаған мәлімдемесінде «2023 жыл 56,7 миллион келушілермен жан басына шаққандағы түнгі кіріс 99 доллармен және жалпы кіріс 54,3 миллиард доллармен туризмде рекордтық жыл болды» деді.

Ватан газеті «Стамбул әуежайы бас бәйгені ешкімге бермеді» деген хабарға орын берген. Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (Eurocontrol) 15-21 қаңтардағы Еуропа авиациялық есебі жарияланды. Есепке сәйкес, Стамбул әуежайы осы кезеңде күніне орташа есеппен 1301 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында бірінші орынды иеленді.



Ұқсас жаңалықтар