Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2093795
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті  «Ердоғаннан Палестина дипломатиясы» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафосамен телефон арқылы сөйлесті. Ердоғанның Рамафосамен әңгімесінде Израильдің Палестинаға шабуылдары, Түркия мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Ердоған Түркияның адамзатқа қарсы қылмыс жасаған Израильдің лайықты жазасын алуы үшін барынша күш салатынын айтты.

Сабах газеті  «Түркиядан Швецияға НАТО визасы» атты хабар жариялаған. Президент Ердоған Швецияның Солтүстік Атлантикалық келісімге (НАТО) қосылуына байланысты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қабылдаған заңды жариялауға шешім қабылдады және Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына байланысты Президенттік жарлыққа қол қойып, тиісті хаттаманы бекітті.

Хүрриет газеті «Түркия терроризммен күресті табандылықпен жалғастырады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін декларация жарияланды. Декрацияда «Түркияның батылдықпен жүзеге асырған ұлттық қауіпсіздік саясаты өзгермермейді.  Біз барлық террорлық ұйымдарды және олардың кеңеюін нысанаға алуды жалғастыратынымыз» делінді.

Йени Шафак газеті «АҚШ Сириядан шығады деген пайымдауларға қатысты Түркия мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Сириядан шығатыны жайлы пайымдауларға қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Бұл тақырып бойынша ресми мәлімдеме мен іске асырылуын көрмей, мұндай жаңалықтарға сақтықпен қарау керек» делінген.

Стар газеті «Астана саммитінде Түркия, Ресей және Иранның ортақ шешімі» деген хабарға орын берген. Қазақстанда өткен Сирия бойынша 21-ші Астана келіссөздерінде механизмнің кепіл елдері Түркия, Ресей және Иран лаңкестікпен күрес тақырыбында ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

 



Ұқсас жаңалықтар