Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2088789
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған Әл-Нахайянмен телефон арқылы сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Мемлекет басшысы Мұхаммед ибн-Заид әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Әл-Нахайян Ердоғанға түрік әскерлеріне жасалған террор шабуылымен байланысты көңіл айтты. Түркия мен БАӘ арасында терроризмге қарсы «ынтымақ» хабарламасы жасалды.

Йени шафак газеті «АҚШ-тың мәлімдемесі шынайы емес» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда террор ұйымы PKK-ға қолдау беріп, қаржыландырған Америка Құрама Штаттары Ирактың солтүстігінде болған террорлық шабуылдарда шейіт болған түрік әскерлерінің туыс-тамырлары мен достарына көңіл айту хабарламасы жариялады. АҚШ-тың бұл хабарламасынан кейін азаматтар PKK-ға қамқорлық жасаушы серігіне қатал наразылық білдіріп, «АҚШ-тың мәлімдемесі шынайы емес» деген көзқарастарын бөлісті.

Стар газеті «Сирия мен Ирактағы әуе операциялары жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Қарулы күштері Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі террор нысандарына әуе операциясы жасады. 24 нысан ішіндегі террористтермен бірге жойылды.

Хүррийет газеті «Түркияның әуе операциясы бүкіл әлемнің күн тәртібінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Сирия мен Ирактағы лаңкестік нысандарын жойған әуе операциялары әлем баспасөзінде кеңінен орын алды. Бұқаралық ақпарат құралдары көптеген лаңкестің залалсыздандырылғанын хабарлады. Газеттер түрік әскери ұшақтарының террористтерге тиесілі үңгір, баспана, қойма мен мұнай нысандарын қиратқанын жазды.

Сабах газеті «Грек министр Дендиас: Түркия бізден әлдеқайда алда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы серпілістері және дипломатиялық қадамдарымен әлемнің көшбасшы елдерінің біріне айналды. Грекия Қорғаныс министрі Никос Дендиас тарихи мәлімдеме жасап, "Түркия Грекиядан әлдеқайда алда" деді.



Ұқсас жаңалықтар