Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2087862
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Министр Гүлер Монтреге баса назар аударды» деген хабарға орын берген. Қаратеңіздегі мина қаупіне қарсы Түркияның жетекшілігімен Румыния және Болгариямен басталған «Үштік бастама» аясында «Қаратеңіз миналарына қарсы іс-шаралар тобының келісіміне (MCM Black Sea)» қол қойылды. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер: «Біз аймақтық және жаһандық қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға тырысамыз. Біз Монтре бұғаздары конвенциясын мұқият, жауапкершілікпен және бейтарап орындадық» деді.

Хүрриет газеті «Грек аралдарына виза жеңілдігі наурыз айында басталады» атты хабар жариялаған. Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис президент Ердоғанмен 3 рет кездескеннен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тіпті оң көзқараспен қарайтынын айтып, түрік азаматтарының Грекия аралдарына визасыз баруына мүмкіндік беретін келісімнің наурыз айында күшіне енетінін мәлімдеді.

Хабер Түрік газеті  «Боздоған мен Гөкдоған зымырандарының жобалық тексеру сынақтары аяқталды» деген хабарға орын берген. Президенттік қорғаныс өнеркәсібі төрағасы  Халук Гөргүн Боздоған мен Гөкдоған зымырандарының жобалық тексеру сынақтарының аяқталғанын білдіріп, «Зымырандарымыз қабылдау сынақтарына дайын» ​​деді.

Сабах газеті «"TOGG" АҚШ көрмесінде таныстырылды» атты хабар жариялаған. Түркияның маңызды технологиялық бренді «TOGG» Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласында басталған жаһандық деңгейдегі ірі электроника көрмесі «CES 2024» көрмесінде орнын алды. Электрлік көліктер туралы контент дайындайтын американдық Кимберли Джавахери: «Дизайн керемет, өте әдемі және жалпы мені қатты таң қалдырды» деді.

Йени Шафак газеті «Әлемдегі ең жақсы 20 көжесі таңдалды: Бұның ішіне Түркияның көжесі де бар» деген хабарға орын берген. «CNN Travel» әлемдегі ең жақсы 20 көженің  тізімін жариялады. Түрік асханасынан «Yayla Çorbası» (Жайлау Көжесі) осы тізімдердің ішінде орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар