Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2087357
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Израиль абдырап қалды, күте тұрың, бұл тек бірінші қадам» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ұлттық барлау ұйымының 97 жылдығына арналған шарада мәлімдеме жасады. Барлау ұйымының Моссадқа қарсы операциясын бағалаған Ердоған «Еліміздегі Израильдің тыңшылық желісін әшкерелеген ұйымымыз бізді қорқытқандарға жауабымызды өте анық берді. Израиль абдырап қалды, күтіңіз, бұл тек бірінші қадам. Әлі Түркияны тани түсесіңдер» деді.

Стар газеті де Ұлттық барлау ұйымының хабарына орын берген. Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын кеше барлау ұйымының 97 жылдығына арналған шарада сөйлеген сөзінде «Түркияның барлау теориясына өз таңбасын басу үшін Ұлттық барлау академиясының құрылғанын хабарлаймын» деді.

Йени Шафак газеті Министр Фиданның Тәжікстандағы кездесулеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ресми сапары аясында кеше Тәжікстанға барып, президент Имомали Рахманмен кездесті. Министр Фидан Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинмен де кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелерді талқылады.

Хабер Түрік газеті «2023 жылы Түркиядан 151,6 миллион долларлық жержаңғақ экспортталды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, 2023 жылы Түркиядан 96 елге жержаңғақ экспортынан 151 миллион 568 мың доллар кіріс түсті. Германия  - Түркия ең көп жержаңғақ экспорттаған елдердің бірі. Түркия өткен жылы Германияға 36 миллион 9 мың долларға жержаңғақ сатты. Германиядан кейін 22 миллион 460 мың доллармен Италия және 12 миллион 628 мың доллармен Ирак келеді.

Сабах газеті «AKSUNGUR» ұшу аппаратынан жақсы хабар» деген тақырып қолданған. Жергілікті және отандық ресурстармен өндірілген «AKSUNGUR»  ұшқышсыз ұшу аппаратынан жақсы жаңалық келді. «AKSUNGUR» ұшқышсыз ұшу аппараты «TEI-PD170» ұлттық қозғалтқышымен 41 сағаттық ұшып шықты.



Ұқсас жаңалықтар