Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2081709
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған: 36 сағатта 54 террорист залалсыздандырылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі мәлімдемесінде терроризммен күрес тақырыбына тоқталып, «Түркияның өркендеуіне тосқауыл қоюды мақсат еткен опасыз террор шабуылдарының құтты болашағымызға ешқашан кедергі жасай алмайтынын барша білсін. 36 сағатта 54 террорист залалсыздандырылды. Шейіттеріміздің қаны ешқашан жерде қалмайды» деді.

Сабах газеті «Министр Фидан америкалық әріптесімен сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Швецияның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне мүшелігіне байланысты процестің жалғасып жатқанын білдірген министр Фидан F-16 ұшақтарының сатылуына қатысты АҚШ әкімшілігі мен АҚШ конгресінің одақтастық рухқа сәйкес әрекет етіп, берілген уәделерді орындау керектігін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Министр Гүлер: 59 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер кеше Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операцияларда 59 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады.

Стар газеті «Ресейден Түркия туралы мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Түркияда табиғи газ орталығын құру жобасының жол картасының жақын арада бекітілетінін білдіріп, «Жобаның 2024 жылы жүзеге асатынына үміттенеміз» деді.

Хабер түрік газеті «Фатих Терим: Мен чемпион болу үшін келдім» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекияның Панатинаикос Футбол командасымен келісімге келген жаттықтырушы Фатих Терим Афиныдағы мәлімдемесінде «Менің білуімше, Панатинайкос жылдардан бері чемпион болған емес. Мен чемпион болу үшін келдім» деді.



Ұқсас жаңалықтар