Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2078839
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: ЕО бұл қателіктен бас тарту керек» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрия сапарынан қайтқан ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды. Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесін тілге тиек еткен Ердоған «Еуроодаққа кіруге көптеген мүше елдерге қарағанда дайын болған Түркияны саяси кедергілерге байланысты жылдар бойы есік алдында күткізу дұрыс емес. ЕО енді бұл қателіктен бас тартуы керек» деді.

Стар газеті «Орбан: Түркиясыз Венгрияның қауіпсіздігі жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Венгрияның бас қаласы Будапештке барған Ердоғанның кездесулері Венгрия баспасөзінде кеңінен орын алды. Венгрия баспасөзі Ердоған мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның кездесуін «Түркілер мен венгрлер бірге 21-ші ғасырдың жеңімпаздары болады» деген тақырыппен хабар таратқан Венгрия баспасөзі Орбанның «Түркиясыз Венгрияның қауіпсіздігі жоқ» деді.

Хүррийет газеті «Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен кездесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен бас қосты. Сыртқы істер министрлігінің ресми «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасалған хабарламада Фиданның Анкарада Хусейнді қонақ ретінде күткені айтылды.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігінен Қытайға көңіл айту жеделхаты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі кеше жасалған мәлімдемеде «Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың отбасыларына, Қытай халқына және үкіметіне көңіл айтамыз» делінді.

Хабер түрік газеті «Түркияның 119 университеті әлемдегі ең үздік 3 мың университеттің қатарында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ODTÜ Информатика институты жанындағы Академиялық үлгерім бойынша университет рейтингін (University Ranking by Academic Performance (URAP) зерттеу зертханасы жариялаған «әлемнің үздік 3 мың университеті» рейтингіне енді. Хаджеттепе университеті үздік рейтингке ие болған университет атанды.



Ұқсас жаңалықтар