Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2075931
Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Дос елден 'Bayraktar TB2’ мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Албания премьер-министрі Эди Рама «Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз әуе көліктернің жақын арада Албания Қарулы күштеріне қосылатынын мәлімдеді.

Хабер түрік газеті «Аккуюны пайдалануға рұқсат алынды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Akkuyu Nükleer AŞ» (Аккую атом АҚ) электр стансасының бірінші реакторын іске қосу үшін Атомдық жұмыстарды реттеу мекемесінен тиісті рұқсатты алғанын хабарлады. Рұқсатпен Ақкую атом электр стансасын қауіпсіз пайдалану үшін негіз болатын іске қосу, реттеу және пайдалану процестерін бастауға болады.

Хүррийет газеті «Уралоғлу: Біз круиздік жолаушылар саны бойынша нысанадан асып түстік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «Біздің порттарымызға келген круиздік кемелер саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға артып, 1167-ге жетті, ал круиздік кемелермен келген жолаушылар саны 51,6 пайызға жетті. Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 517 мың 933-ке ұласты. 2023 жылға арналған 1,5 миллион круиздік жолаушы саны қараша айынан бастап асып түсті» деді.

Йени Шафак газеті «Текин: Түркия үш салада да барлық елдегі орташа көрсеткіштен жоғары» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Білім беру министрі Юсуф Текин Халықаралық студент бағалау бағдарламасының (PISA) 2022 қорытындысы бойынша «Түркия математика, жаратылыстану және оқу дағдылары өлшенетін үш салада рейтингін көтергенде, бұл үш сала бойынша барлық елдердің орташа көрсеткішінен жоғары болды» деді.

Сабах газеті «Стамбул әуежайынан тағы бір жаңалық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы климат дағдарысымен күресте «2050 Таза нөлдік міндеттемесі» аясында атқарған жұмысымен Халықаралық Еуропа әуежайлар кеңесі (ACI EUROPE) берген «Әуежайдың көміртегі аккредитациясы» сертификаты бағдарламасында 4-ші сатыға қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар