Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2052597
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Бүкіл адамзат қатыгездікті тоқтату үшін қозғалу керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің аурухана шабуылына қатысты «Ішінде әйелдер, балалар және жазықсыз бейбіт тұрғындар бар ауруханаға шабуыл жасау Израильдің ең қарапайым адами құндылықтардан айырылған шабуылдарының соңғы үлгісі болып табылады. Бүкіл адамзатты Газа секторында бұрын-соңды болмаған қатыгездікті тоқтату үшін қозғалуға шақырамын» деді.

Сабах газеті «Фиданнан Израильге қатал ескерту: Бұл ұрлық деп аталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израильдің шабуылдарына қатаң наразылық білдірген Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Біреудің жерін басып алып жатырсың. Үйін тартып аласың, қуып шығасың, біреуді әкеліп отырғызасың, «қонысшы» дейсің. Мұны ұрлық деп атайды» деді.

Стар газеті «Израильдің Газаға жасауы ықтимал құрлық операциясына Челиктен наразылық келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Израильдің Газаға жасауы мүмкін құрлық операциясының мыңдаған бейкүнә бала мен әйелдің өліміне әкелетін апат пен адамзат үшін өшпес ұят болатынын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Шахика Ержумен Хатайда әлем рекордын жаңартты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық спортшы Шахика Ержумен Республиканың 100 жылдығына арналған және Хатайда өткізілген рекордтық сынамада «паллетсіз айнымалы салмақ» категориясында Лена Балтаның 105 метрлік әлем рекордын 106 метрмен жаңартты.

Йени шафак газеті «Авиацияның жүрегі Стамбулда соғады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда алып компаниялар мен жаһандық авиация басшылары Стамбул әуежайында ұйымдастырылған «Routes» конференциясында бас қосты. Шарада 600-ге жуық әуежай компаниясы мен 1200-ден астам қатысушы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.



Ұқсас жаңалықтар