Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2048231
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газет «Ердоған: Палестина мемлекетін кейінге қалдыруға болмайды»  деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина-Израиль қақтығыстарына берген бағасында: «Бүгінгі таңда аймағымыздағы мәселелердің өзегінде Палестина мәселесі тұр. Мәселе шешілмейінше, аймақ бейбітшілікті аңсайды. Екі мемлекетті шешімді сақтау маңызды. 1967 жылғы шекараға негізделген астанасы Иерусалим болатын Палестина мемлекетін кейінге қалдыруға болмайды» деді.

Йени Шафак газеті «Сирия солтүстігіне тағы да әуе операция» атты хабар жариялаған. Ұлттық қорғаныс министрлігі террор ұйымы PKK/YPG-ге бағытталған жаңа әуе операциясында тағы 6 нысананың жойылғанын хабарлады. Мәлімдемеде «Сирияның солтүстігінде жүргізілген әуе операциясымен бөлшектеуші террор ұйымы пайдаланған мұнай нысандары, бункерлер және баспаналар бар 6 нысан жойылды» деп көрсетілді.

Стар газеті «Ұшқышсыз теңіз көлігі тобының табысы» деген хабарға орын берген. Отандық және ұлттық ресурстармен өндірілген камикадзе ұшқышсыз теңіз көлігі (IDA) тобы «Albatros» теңізде нысанаға алынған кемені толық дәлдікпен атып, сынақ атуының бір бөлігі ретінде суға батырды. Байрактар ​​ «TB2» ұшқышсыз әуе аппараты  ату сынақтарына да қатысты. Осылайша, әлемде алғаш рет «IDA»-«TB2» бірлескен операциясымен «IDA» тобының камикадзе шабуылының табысын көрсеткен болды.

Сабах  газеті «Түркия үшін тағы бір халықаралық сыйлық» атты хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Зигана туннелі мен Эгисте Хадими виадукының Халықаралық жол федерациясынан (IRF) бірінші жүлде алғанын айтып, марапаттардың Түркияның инженерия саласындағы дамуын көрсететінін айтты.

Хабер Түрік газеті «Мугланың табиғи  сұлулықтары Түркия президенттік велосипед турымен әлемге танытылады» деген хабарға орын берген. 58-ші Президенттік велотурдың Мугладағы кезеңдерінде  әлемге әйгілі велошабандоздар туризм орталықтарында болады.  Мугланың тарихи және мәдени сұлулықтарымен қатар, оның терең көгілдір шығанақтары 190 елдегі миллиондаған адамға таныстырылады.



Ұқсас жаңалықтар