Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2047209
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ирак Қорғаныс министрі Анкарада» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Ирак қорғаныс министрі Сабит Мұхаммед Әл Аббасимен кездесті. Екі министрдің Анкарадағы кездесуінде аймақтық, әскери және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Стар газеті  «Түркия террористердің тыныс алуына жол бермейді» деген хабарға орын берген. Ұлттық барлау ұйымының  Сирияда жүргізілген операциясында террор ұйымы PKK/YPG-ге тиесілі қару-жарақ және оқ-дәрі қоймалары мен шабуыл және диверсия бөлімшелері орналасқан ғимараттарға соққы берілді. Арасында PKK/YPG пайдаланған мұнай ұңғымасы мен қоймасы және жауапты террористтер де бар барлығы 30 нысан жойылды.

Хүрриет газеті «Ұлттық қорғаныс министрлігінен дос және одақтас елдерге ескерту» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігі ақпарат көздері «PKK/YPG бірдей террор ұйымы, қай жерде әрекет етсе де олардың заңды нысанамыз екенін әрқашан айтамыз» деп мәлімдеді.  Дос және одақтас елдерге лаңкестердің қасында болмау керектігін еске салаған министрлік «Бұл еске салу. «Кім жауапты болса, қажетті сақтық шараларын қолдану өз таңдауы» деп білдірді.

Йени Шафак газеті «Түркия ойын ережесін өзгертуде» деген тақырып қолданған. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Кувейт және Оман сияқты Парсы шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі  елдері Түркиямен әскери қарым-қатынастарын нығайтуда. Ұлыбританияда орналасқан «Middle East Eye» веб-сайты көптеген шығанақ елімен қорғаныс серіктестігін қайта құрған Түркияның аймақтық держава ретінде позициясын нығайтқанына назар аударды.

Сабах газеті «СКТР президенті Татар: Федерация кітабы толығымен жабылды» деген хабар жариялаған. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Ерсин Татар Кипрдегі федералды мемлекеттік шешімнің ешқашан нәтиже бермегенін айтты. Грек тарапының теңдікке негізделген келісімге тосқауыл қою үшін әртүрлі айла-шарғы жасағанын атап көрсеткен Татар СКТР ретінде енді егемендік теңдікке негізделген саясат ұстанғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар