Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2041769
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түрік волейболшы қыздары топты жеңілмейтін көшбасшы ретінде аяқтады» деген хабарға орын берген.  Волейболдан Ұлттар лигасы және Еуропа волейбол чемпионатында жеңіске жеткен Ұлттық әйелдер волейбол құрамамыз Олимпиада іріктеу турнирінің В тобындағы соңғы кездесуінде Бельгияны 3-0 есебімен жеңді. Жапонияны жеңіп, Париж Олимпиадасына квотасын алған Түркия құрамасы  Бельгияны жеңіп, тобын көшбасшы ретінде аяқтады.

Стар газеті «Террористтерге «Пенче-Килит» операциясы арқылы соққы жасалды» атты хабар жариялаған. Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде жүргізген «Пенче-Килит»  операциясы аясында осы уақытқа дейін 605 террористті залалсыздандырды. Әскерлер операция аймағында террористтер пайдаланған 670 үңгір мен баспананы күйретті.

Йени Шафак газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі үшін тұңғыш жаңалық» деген хабарға орын берген. Түркияның теңіздегі құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау мақсатында жүзеге асырылған «Теңіздегі патрульдік кеме» жобасы аясында жасалуы жоспарланған 10 кеменің алғашқы екеуі Стамбул кеме жасау зауыты қолбасшылығында жасалуда. Екі кеменің бір сырғыма жолда қысқа мерзімде және осы деңгейде іске қосылуы түрік қорғаныс өнеркәсібі үшін тұңғыш жаңалық болып табылады.

Сабах газеті «Түркияның алғашқы жергілікті және ұлттық жүргізушісіз метро көлігі іске қосылды» атты хабар жариялаған. Кожаэлиде ұзындығы 15,4 шақырымдық қос желі ретінде салынған Гебзе OSB (Ұйымдасқан өнеркәсіп аймағы) - Дарица Сахил метро желісі үшін арнайы әзірленген алғашқы жергілікті және ұлттық жүргізушісіз метро көлігі салтанатты түрде іске қосылды.

Хабер Түрік газеті «Стамбулға 8 айда 11,5 миллион турист келді» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрлігі Стамбулға 2023 жылдың 8 айында келген шетелдік турист санының осы жылы 13,20 пайызға артып, 11 миллион 524 мың 246-ға жеткенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар