Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2037268
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрі Фиданның Швецияның НАТО мүшелігіне байланысты мәлімдемесіне орын берген.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияға сапармен келген ағылшын әріптесі Джеймс Клеверлимен баспасөз мәслихатын өткізді. Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталған министр Фидан: "Түркия қол қойған келісімдерге адал. Тараптардан күтілетін міндеттемелер анық. Бұл мәселе аясында процесс ілгерілеуде" деді.

Сабах газеті  «258 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Ішкі істер министрі Али Ерликая кеше жасаған мәлімдемесінде 90 күнде террор ұйымдарына қарсы 43 мың 90 операция жүргізіліп, 258 террорист залалсыздандырылғанын айтты.

Ватан газеті «Түркияға инвестиция салғандардың бәрі жеңді» деген тақырып қолданған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Оңтүстік Кореяда өткен 24-ші Дүниежүзілік ақпарат форумында шетелдік инвесторларға сөйлеген сөзінде: «Түркияға инвестиция салған әрбір адам ұтты және жеңе береді, бұған сенімді бола аласыз. Сізге қажетті қолдау көрсетуді тоқтатпаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Грекия оларды өлімге итермеледі, Түркия  құтқарды» деген хабар жариялаған. Муғланың Бодрум ауданында грек жасақтары түрік аумақтық суларына кері итеріп жіберген 28 заңсыз босқын мен моторы істен шыққандықтан ағып кеткен резеңке қайықтағы 16 заңсыз босқын жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы топтары тарапынан құтқарылды.

Стар газеті «Денизлиде 9 миллион жыл бұрынғы қазбалар табылды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Денизлидің Тавас ауданында жүргізілген зерттеулерде 9 миллион жыл бұрынғыдан қалған  жануар қалдықтары табылды.

 



Ұқсас жаңалықтар