Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2036744
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған Жаңа Конституция симпозиумында сөз сөйледі» деген хабарға орын берді. Президент Ердоған елорда Анкарада өткен Жаңа Конституция симпозиумында сөз сөйледі. Президент Режеп Тайып Ердоған адамдарға басымдық беретін, ұлттың алуан түрлілігі мен байлығын көрсететін, қоғамнан қалыспайтын және қоғамға серпінділік қосатын конституцияны мақсат еткендерін айтты.

Сабах газеті «Ердоған Ливия халқына  көңіл айтты» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфимен телефон арқылы сөйлесті.   Ердоған әңгімеде Ливиядағы тасқын апатына байланысты Мұхаммед әл-Менфиге көңіл айтты.

Йени Шафак газеті «Израиль баспасөзі: Ердоған бізге сабақ береді» деген хабарға орын берген. Израильдің ең көп оқылатын газеттерінің бірі «Haaretz»-тің шолушысы Зви Барель мақаласында Түркия мен Израильді салыстырды. «Ердоған Израильге либерализм сабағын берді» атты мақаласында адам құқықтарына мән бермейтін Тель-Авив әкімшілігін қатты сынға алған Зви Барель Ердоғанның адам құқықтарына деген сезімталдығының Израильге сабақ болғанын атап көрсетті.

Стар газеті «ЕО үшін Түркия өте маңызды» атты хабар жариялаған. Еуропалық Одақ (ЕО) Комиссиясының Көршілік және кеңеюден жауапты мүшесі Оливер Вархели «Түркиямен қарым-қатынасымыз біз үшін өте маңызды. Түркия үміткер ел ретінде  НАТО одақтасы, жақын көрші және Таяу Шығыс, Оңтүстік Кавказ және Қаратеңіз аймақтарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды серіктес болуды жалғастыруда» деді.

Хүрриет газеті «СКТР-ның БҰҰ-ға наразылы» деген хабарға орын берген. Өткен айда Кипрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бақылауындағы буферлік аймақта орналасқан Пиле гуманитарлық ауылының жол құрылысы кезінде БҰҰ Бейбітшілік күштері сарбаздарымен болған шиеленістің артынан бір күн бұрын ел астанасы Никосияда екінші шиеленіс болды. СКТР президенті Эрсин Татар «БҰҰ-ның бейтараптығы күмән туғызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар