Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2036131
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған мен Пашинян арасындағы маңызды әңгіме» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінде Түркия-Армения қарым-қатынастары мен аймақтық мәселелер талқыланды. Әңгіме  барысында екі ел басшылары аймақта тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнығуы аймақтағы барлық елдердің дамуы мен әл-ауқатына септігін тигізетінін атап өтті және осы бағытта дипломатиялық күш-жігерді жалғастыратындарын мәлімдеді.

Ватан газеті «Түркияға несие ағыны басталды» деген тақырып қолданған. Президент Ердоған жақында жарияланған «Орта мерзімді бағдарламаның» әлемде өте жақсы жаңғырғанын және нарықтарға басқа бір жандылық әкелгенін айтты. Ердоған «Шетелден Түркияға да несие ағыны басталып жатыр» деді.

Йени Шафак газеті «Ердоған батыс елдеріне шақыру тастады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен астық дәлізіне байланысты келіссөздердің жалғасатынын білдірді. «Ресейдің талаптары анық» деген Ердоған «Батыс елдері Түркияның күш-жігерін бағалай отырып, уәделерін орындауы керек» деді.

Стар газеті Сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапарына тоқталған. Хабарға қарағанда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Анкараның әлемде рөлі мен беделі артып келеді. Түркия жаһандық дағдарыс пен аймақтық қақтығыстарды шешуде белсенді рөл атқаруда» деді.  Қазақстан министрі «Біз Түркияның экономика, білім, сыртқы саясат және басқа да салалардағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті экономика хабарына орын берген. Халықаралық несие рейтинг агенттігі «Fitch Ratings» бас директоры Эрих Ариспе Моралес Түркияның биылғы жылдың екінші тоқсанында күткеннен жоғары экономикалық өсім көрсеткенін білдірді. «Біздің ойымызша, экономикалық өсім биыл 4,3 пайыз шамасында болады», - деді Моралес.



Ұқсас жаңалықтар