Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2033166
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған: Астық дәлізі келісімі жалғасуы керек» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше Ресейде президент Владимир Путинмен кездескен президент Режеп Тайып Ердоған «Астық дәлізі жалғасуы керек» деген мәлiмдеме жасады. Ержоған «Осы аяда жаңа ұсыныс пакетін дайындадық. Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа жұмысынан нәтиже шығады деп үміттенемін» деді. Путин болса санкциялар жойылғанда келісімге келуге дайын екенін атап көрсетті.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрі Фидан Иран президентімен кездесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда алдыңғы күні Иранның бас қаласы Тегеранда ресми кездесулерін жалғастырған Хакан Фидан Иран президентi тарапынан қабылданды. Фидан мен Реиси кездесуінде аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Стар газеті «Татар: Түркия Кипрден шыққан сәтте олар шабуыл жасайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Эрсин Татар Кипрдің Понти әкімшілігінің Лимассол қаласында шетелдік азаматтарға қарсы жасалған шабуылымен байланысты «Түрік әскері аралдан шыққан бойда Кипрдің понтилiк нәсілшілдерi Кипр түріктерін нысанаға алатын болады» деді.

Сабах газеті «Министр Болат экспорт саласында тамыз айының рекорд жаңартқанын жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат кеше 2023 жылдың тамыз айындағы сыртқы сауда көрсеткіштерін бөлісті. Министр Болат «Тамыз айында экспортымыз 1,6 пайыз артып, 21 миллиард 619 миллион доллар деңгейіне жетті. Осылайша тамыз айындағы ең жоғары экспорттық көрсеткішке ұластық» деді.

Хабер түрік газеті «Автокөлік нарығындағы рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік автокөлік нарығында жылдың басынан бергі рекордтық үрдіс тамыз айында да жалғасты. Түркия Экспортшылар Мәжілісінің мәліметтеріне қарағанда, автокөлік өнеркәсібі өткен айда 2 миллиард 738 миллион долларлық экспортқа қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар