Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2032653
Түрік баспасөзіне шолу

Хүриет газеті « Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Еуропа чемпионы» деген хабарға орын берген.Ұлттық әйелдер волейбол командамыз 2023 жылғы CEV Еуропа чемпионатының финалында Сербияны 3-2 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Осы нәтижемен волейболдан әйелдер құрамасы Еуропадағы ең үлкен команда ретінде тарихта атын қалдырды. Тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанған ұттық құрамы  түрік спортының тарихында да жаңа белестерді бағындырды.

Йени Шафак газеті «Фидан: Киркуктің тыныштығы мен тұрақтылығы Ирактың аумақтық тұтастығы үшін де маңызды» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Киркуктегі шиеленіске қатысты «Ирактың негізін қалаушы элементтерінің бірі түрікмендердің отаны Киркукте болған оқиғаны қайғымен және алаңдаушылықпен қарсы аламыз. Киркуктің тыныштығы мен тұрақтылығы да маңызды. Ирактың аумақтық тұтастығы үшін Ирак билігі PKK-тың  қаладағы әрекеттерін тоқтатуы керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Алпарслан Байрактар Израиль энергетика министрімен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Израиль энергетика министрі Исраэль Кацпен телефон арқылы сөйлесті. Байрактар әңгімеде энергетика, әсіресе табиғи газ саласындағы екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалағандарын білдірді.

Стар газеті «Қарағай балынан кейін енді ара өнімдері» атты хабарға орын берген. Дүние жүзіндегі қарағай балы өндірісінің 92 пайызын қамтамасыз ететін Түркия прополис, ара сүті, тозаң сияқты қарағай балы өнімдерін де экспорттайды.

Сабах «Түркия әлем киносының орталығы» деген хабарға орын берген. Түркия әлем киносының тартымды орталығына айналды. «Skyfall», «Operation Fortune» және «Charlie's-тің періштелері»  сияқты әйгілі фильмдерге үй иелігін жасаған Түркияда өткен жылы 18 көркем фильм және 30 сериал жалпы 233 шетелдік фильм түсірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар