Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2030435
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президент Ердоғанның маңызды сапары» деген хабар жариялаған. Әділет және даму партиясы (АК партия) төрағасының орынбасары және партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик баспасөз мәслихатында президент Ердоғанның әлемнің азық-түлік дағдарысына ұшырамауы үшін мәселені ең жоғары дипломатиялық сезімталдықпен қолға алғанын айтып, «Президентіміз Сочиге кетеді. Астық дәлізіне қатысты жаңа оқиғалар болуы мүмкін» деді.

Йени Шафак газеті «Раманың Ердоған туралы керемет сөздері» деген тақырып қолданған. Албания премьер-министрі Эди Рама Грекия ақпарат құралдарына берген сұхбатында президент Ердоғанмен стратегиялық серіктестік келісімдері бар екенін айтып, «Шынымен де мен онда (Президент Ердоған) Грекия және гректерге жаман сезімде болған адамды ешқашан көрмедім» деді.

Хабер Түрік газеті «Сауд Арабиясының Өнеркәсіп министрі Хурейф: Біз түрік инвесторларына сенеміз» деген тақырып қолданған. Сауд Арабиясының Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар бин Ибрахим әл-Хурейф Сауд Арабиясында әсіресе өнеркәсіп және тау-кен секторларында инвестиция мүмкіндіктерін алға жылжытуға тырысқандарын айтып, «Біз түрік инвесторларына сенім артамыз және шын жүректен үміттенеміз. Түркия бұл мүмкіндіктерден пайда көреді» деді.

Хүрриет газеті «Габардағы жаңалық республика тарихындағы ең үлкен жаңалық» деген тақырып қолданған. Энергия және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Габар тауында табылған мұнайдың республика тарихындағы 100 мың баррель қуаттылығымен табылған ең үлкен жаңалық екенін айтты.

Сабах газеті «Стамбул турист саны бойынша соңғы 10 жылдың рекордын жаңартты» деген хабарға орын берген. Стамбул шілде айында келген туристер саны бойынша рекорд жаңартты. Өткен айда 1 миллион 873 мың 97 адамды қабылдаған қала осы көрсеткішпен соңғы 10 жылдағы ай сайынғы ең көп шетелдік турист санына жетті.



Ұқсас жаңалықтар