Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2027203
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоғаннан бірінен соң бірі маңызды кездесулер» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше бір күндік ресми сапармен Будапештте Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен өзара кездесу өткізді. Ердоған сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен және Сербия президенті Александр Вучичпен де бас қосты.

Хүррийет газеті «Эрсин Татар: «Ешкімнің жерінде көзіміз жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Эрсин Татар СКТР-ның егемендігіндегі жерлерге салынған Пиле-Йиғитлер тас жолы құрылысына қатысты «Бұл жолдың басым бөлігі СКТР шекарасында. Гуманитарлық тұрғыдан маңызды, осында әскери мақсат жоқ, біз өз егемендігімізді қорғаймыз. Ешкімнің жерінде көзіміз жоқ» деді.

Йени Шафак газеті «Неміс баспасөзінің назар аударарлық талдауы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда неміс ақпарат құралдары Түркия, Ресей және Катардың бір айдан астам уақыт тоқтап тұрған Қаратеңіз астық дәлізі келісіміне балама әзірлеп жатқанын алға тартты. Катар астық жеткізуге демеушілік, Түркия келісімді үйлестіруді өз мойнына алатынын жазған газеттің хабарына қарағанда, бұл үш ел жаңа келісімге дайындалуда.

Стар газеті «Министр Юмаклы: Бұл түрік әлеміне ашылатын есік болмақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Зәңгезүр дәлізіне қатысты «Иншалла бұл дәліз түрік әлеміне ашылатын бір есік болмақ. Әрі саудамыз, әрі мәдени байланыстарымыз тағы бір рет бір-бірімен қайта тоғысады» деді.

Сабах газеті «Әйелдер ұлттық құрамасы екінші жеңістеріне қол жеткізді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы "2023 CEV" Әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының екінші матчында Әзербайжанды 3-0 есебімен жеңіп, екінші жеңістеріне қол жеткізді. Ұлттық құрама алғашқы матчында Швецияны дәл осындай есеппен жеңген болатын.



Ұқсас жаңалықтар