Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2017261
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті  «Ердоғанның сыртқы саясаты» деген хабарға орын берген. Соңғы уақытта әлемдік саясаттағы рөлімен назар аударған Түркияға қатысты «Foreign Policy» сайтынан керемет талдау жасалды. Түркия мен Президент Ердоғанның қадамдарына тоқталған мақалада «Түркия Ердоған дәуірінде үш негізгі сыртқы саясат идеясын ұстанды: стратегиялық тәуелсіздік, қуат және өркендеу» деп көрсетті.

Хабер Түрік газеті «Ұлттық қорғаныс министрлігінде баспасөз ақпарат жиналысы» атты хабар жариялаған.Ұлттық Қорғаныс министрлігінде кеше кезекті «Баспасөз ақпараттық жиналысы» өтті. Жиында 8 жылда 28 мың 235 террористтің  залалсыздандырылғаны айтылды.

Сабах газеті  «Израильге наразылық» деген хабарға орын берген. Түркия Израильдің ұшқары оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің кеше басып алынған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын қатаң түрде айыптап, оны арандатушылық деп сипаттады.

Стар газеті  «Министр Шимшек: Еуропаға Түркияны елемеуге болмайды» атты хабар жариялаған. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Еуроодақты «Кедендік одақ келісімін жаңартуға» шақырды. Түркияның ЕО-ға мүшелік процесінің 1963 жылдан бері жалғасып келе жатқанын еске салған министр Шимшек «Егер Еуропа лайықты позиция ұстанғысы келсе, еуропалық көшбасшылар атап өткендей жаһандық мәселелерде жақсы ойыншы болғысы келсе, онда Түркияны елемеуге болмайды» деп көрсетті.

Хүрриет газеті  «KAAN үшін Әзербайжанмен ынтымақтастық» деген хабарға орын берген. Түрік Аэроғарыш өнеркәсібі акционерлік қоғамы Әзербайжан Қорғаныс министрлігімен «KAAN» ұлттық жауынгерлік ұшағын әзірлеу және бірлесіп шығару үшін ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар