Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2012830
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғанның астық дәлізі мәлімдемесі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясына аттанар алдында баспасөзге астық дәлізі туралы мәлімдеме жасады. Президент Ердоған «Путиннің бұл гуманитарлық желінің жалғасын табатынына сенемін. Сапардан оралған соң Путинмен сөйлесемін. Бұл мәселені тамыз айында еліміздегі кездесуде талқылайтын боламыз» деді.

Стар газеті «ЕО Түркияға баса назар аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің Түркияның талпынысына қарамастан «Қаратеңіз астық дәлізі келісімін» тоқтатуын қатаң түрде айыптағандарын білдірді.

Сабах газеті «Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы 5 жаңа келісім» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхаммед ибн-Селманның төрағалығымен өткен делегация аралық жиынның артынан тікелей инвестиция салу, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, қорғаныс және коммуникация салаларында келісімдерге қол қойылды.

Хабер түрік газеті «Сабиха Гөкчен әуежайы бір аптада екі салада рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы аптаның соңында екі үлкен рекорд жаңартты. 14 шілде күні анықталған 123 мың 449 жолаушымен жолаушы санымен алғаш рекордын, 16 шілде күні рейс саны 674 ұшақпен 123 мың 607-ге көтеріпіп, аталмыш кезеңде екінші үлкен рекордын жаңартты.

Йени Шафак газеті «Turkish Cargo үшінші орынға көтерілді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдарының (ТӘЖ) жүк бренді «Turkish Cargo» мамыр айында үлкен жетістікке қол жеткізді. Әлемде әуе жүгін тасымалдайтын ірі компаниялар арасында үшінші орынға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар