Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2000032
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Швеция өз міндетін орындауы керек» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған СКТР мен Әзербайжанға сапарынан кейін ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап беріп, «Ең алдымен Швеция өз міндетін орындауы керек. Швеция бұл террор ұйымының (PKK) әрекеттерін тоқтатуы керек» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ елшісінен Түркияға мақтау» деген хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарының түркиядағы өкілетті елшісі Джеффри Флейк "Түркиядан басқа ешбір ел Монтре конвенциясын жүзеге асыру арқылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бақылауға ала алмас еді. Және ешбір ел Қаратеңіз астық дәлізін сәтті әске асыра алмас еді» деді.

Хабер Түрік газеті «Ұлттық «Bayraktar TB2» дрондарының Түркиядан Кувейтке экспорты» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түркиядан көптеген елдерге экспортталатын ұлттық «Bayraktar TB2»-ді Кувейт те сатып алады. Кувейт мемлекеті мен «Байкар» компаниясы  арасындағы экспортқа қатысты келісім-шарт процесінің сәтті аяқталғаны хабарланды.

Стар газеті  Германиядан Түркияға сұраныс көп болып жатқанын білдірген. Неміс туристік операторы «TUI» 2023 жылы жаз маусымының мықты болатынын  хабарлады. Неміс операторлары  Түркияның демалыс орталығы Анталияға сұраныс жоғары екенін білдірді.

Ватан газеті  «Министр Уралоғлу: «2023 жылы 299 мыңнан астам круиз жолаушысын қабылдадық» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «2023 жылдың алғашқы 5 айында 299 мыңнан астам круиздік жолаушыны қабылдадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар