Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1998443
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Біз келіссөздерге дайынбыз» деген хабарға орын берген. Кипр Понти Әкімшілігі басшысы Никос Христодулидес Президент Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін Түркияға үндеу тастап, келіссөздерді қайта бастауға дайын екендіктерін білдірді.

Хабар Түрік газеті «Биыл  Түркияға 10,2 миллиард текше метр газ тасымалданады» атты хабар жариялаған. Әзербайжанның Түркиядағы өкілетті және төтенше  елшісі Решад Мамедов Трансанадолы табиғи газ құбыры (TANAP) жобасының көлемінің артқанына назар аударып, «Жаңа көрсеткіштерге қарасақ, көлемнің айтарлықтай өскенін көреміз. Биыл «TANAP» арқылы Түркияға 10,2 миллиард текше метр және Еуропаға 12 миллиард текше метр, барлығы 22,2 миллиард текше метр табиғи газ экспортталады деп болжалуда» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Түркиядан Парсы шығанағы елдеріне 1,6 миллиард долларлық экспорт» деген хабарға орын берген. Түркияның Парсы шығанағы елдеріне экспорты мамыр айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 29 пайыз артып, 1 миллиард 691 миллион долларға жетті.

Хүрриет газеті «Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 4 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. 1 қаңтар мен 10 маусым аралығында Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 2022 жылға қарағанда 37 пайызға артып, 4 миллион 62 мың 891-ге жетті.

Ватан газеті «Стамбул әуежайы рекорд жаңалады» деген хабарға орын берген. Стамбул әуежайы бір мың 749 күнделікті ұшып-қону  рейс саны бойынша рекорд жаңалады. Азаматтық авиация Бас дирекциясының хабарлауына қарағанда УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына байланысты "IGA" Стамбул әуежайы 9 маусымда 1594 ұшып-қону рейсімен барлық уақыттағы әуе қозғалысы рекордын жаңалағаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар