Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1992413
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Президент Ердоғанның 17-ші жеңісі» деген хабарға орын берген. Президенттік басқару жүйесімен бірінші рет екінші турды бастан өткерген Түркия Режеп Тайып Ердоғанды ​​тағы да президент етіп сайлады. Барлық аймақтарда және шетелде дауыс санын арттырған Ердоған жарысты қарсыласы Кемал Кылычдароғлудан озып аяқтап, сайлаудағы 17-ші жеңісін жариялады.

Хүрриет газеті «Президент Ердоған: 14 мамыр мен 28 мамырдың жеңімпаздары – 85 миллион азаматымыз» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда президенттік сайлаудың екінші турынан кейін тойлап жатқан халыққа үн қатты. «14 мамыр мен 28 мамырда өткен сайлаудың жеңімпазы 85 миллион азаматымыздың барлығы. Мен тағы бір рет айтайын. Ешкім ұтылмайды деген болатынбыз. Сондықтан бүгін жеңімпаз-Түркия» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті  «Түркияға құттықтаулар келіп жатыр» деген хабарға орын берген. Президенттік сайлаудан кейін Президент Ердоғанға әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп жатыр. Ердоғанды ​​Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтен Қатар мемлекетінің Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәниге, Ливия премьер-министрі Дибейбеден Пәкістан премьер-министрі Шарифке дейін көптеген лидерлер құттықтады.

Стар газеті «Катардағы Әл-Джабер мұнарасы Президент Ердоғанның суреті және түрік туымен жарықтандырылды» атты хабар жариялаған. Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турындағы жеңісіне байланысты Катардың символдық құрылымдарының бірі «Әл-Джабер мұнарасы» түрік туы және Президент Режеп Тайып Ердоғанның фотосуретімен жарықтандырылды.

Ватан газеті «Путин Ердоғанды құттықтады» деген хабарға орын берген. Ресей Президенті Владимир Путин жолдауында Президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

 



Ұқсас жаңалықтар