Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1990191
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Министр Акар: Сирияның солтүстігінде 19 террорист залалсыздандырылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар алдынғы күні Сирияның солтүстігінде 19 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Акар «Террормен күрес қарқынды түрде жалғасуда. Біз террордың көзін құрту стратегиясын қолданамыз» деді.

Сабах газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдері Малайзияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары жаңа ынтымақтастық пен экспорт мүмкіндіктерін қарастыру мақсатты Малайзияда өткен «Лангкави халықаралық теңіз және авиация көрмесіне» (LIMA 2023) қатысты. Түркия атынан көрмеде 18 түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниясы орын алады.

Хүррийет газеті «Амасраға 10 айда круиздік кемемен 17 мың 305 ресейлік турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда кеше Бартынның Амасра портына "Astoria Grande" атты круиздік кемемен 614 ресейлік турист келді. Осылайша 10 айлық кезеңде круизбен Амасраға келген ресейлік турист саны 17 мың 305-ке жетті.

Хабер түрік газеті «Тайфун соңғы сынағынан сүрінбей өтті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның осы уақытқа дейінгі ең ұзақ қашықтықтағы «Тайфун» зымыранын ұшыру сынағы Ризеде жүзеге асырылды. «Тайфун» зымыранының соңғы сынағынан да сүрінбей өткені білдірілді.

Хабер түрік газеті «Түрік шайы экспорты 11,3 миллион доллардан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан шай экспорты жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде 39 пайызға артып, 11 миллион 365 мың 591 долларға жетті. Бельгия, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания шайды ең көп экспорттаған 3 ел болды.



Ұқсас жаңалықтар