Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің тақырыптары.

1982037
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті "Ердоған: Джуди-Габар аймағында көлемі тәулігіне 100 мың баррельді құрайтын мұнай таптық" деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Конияда жаппай ашылу рәсімінде жаңа бір сүйінші берді. Террордан тазартылған аймақтарда жаңа мұнай резерві ашылғанын білдірген Ердоған «Джуди-Габар аймағында көлемі тәулігіне 100 мың баррельді құрайтын мұнай таптық. Джизреден 20 шақырым жерде орналасқан бұл мұнай резервінің сапасы өте жоғары» деді.

Стар газеті «Түркиядан Сириядағы операциялар туралы нақты хабарлама» деген тақырыпқа орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше өзі қатысқан бір телебағдарламада Сирияда ДАИШ террор ұйымы басшысы залалсыздандырылған операцияға қатысты «Америка Құрама Штаттарының баспасөзінде бұл маңызды және сәтті бір операция екені туралы мәлімдеме жасалды. Біз ешқашан басқыншы емеспіз. Біз Сирия мен Ирактың егемендік құқықтарын құрметтейміз. Біздің жалғыз мәселеміз – терроризммен күрес» деді.

Хабер Түрік газеті «Чавушоғлу: 6 жылда 17 мың террористті залалсыздандырдық» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның өзін-өзі қорғау құқығы аясында Сирияда 6 жылдан бері жүргізген операцияларда 17 мың террористті залалсыздандырғанын атап көрсетті.

Хүрриет газеті «Ұлттық жауынгерлік ұшағы «Kaan» әлем күн тәртібінде» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған ұлттық жауынгерлік ұшақтың атының «Kaan» (қаған) екенін жариялады. Ердоғанның мәлімдесі әлем баспасөзінде кең орын алса, ұйымдастырылған рәсім «үлкен күш көрсету» деп пайымдалды.

Ватан газеті «Түріктер үшін төлқұжат және виза талаптары жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік азаматтарынан виза талап етпейтін елдер қатарына жаңасы қосылды. Түркияның Каирдегі уақытша сенімді өкілі Салих Мутлу Шен хабарлама жасап «Азаматтарымыз Мысырға алдын ала визасыз кіре алады. Құтты болсын» деді



Ұқсас жаңалықтар