Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер бүгінгі маңызды жаңалықтарға орын берген.

1980059
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті  «Шетелдегі түрік азаматтары бүгіннен бастап дауыс бере бастады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік және 28-ші кезең парламенттік сайлау үшін шетелде тіркелген түрік азаматтарының дауыс беру процесі кеден қақпалары мен шетелдегі өкілдіктерде басталды. Кеден қақпаларында дауыс беру мерзімі 14 мамыр жексенбі күні сағат 17.00-де аяқталады.

Хүрриет газеті  «Түркиядан батыстық елдерге PKK ескертуі» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирияның солтүстігінде PKK террорын заңдастырғысы келгендерге наразылық білдірді. Калын «Біз анық айтамыз. PKK террор ұйымы мен оның тармақтары қай жерде болса да, қандай тудың астына тығылса да, біз үшін ашық және заңды нысана болып табылады. Террордың барлық түріне қарсы әртүрлі күресті жалғастырамыз» деді.

Сабах газеті «TEKNOFEST толқыны басталады» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда 2018 жылы алғаш рет ұйымдастырылған, миллиондаған технология әуесқойларының басын қосқан, әлемдегі ең үлкен авиация, ғарыш және технология фестивалі «TEKNOFEST» бүгін Стамбул Ататүрік әуежайында 7-ші рет басталды. Миллиондаған технология әуесқойын қызықтырған фестиваль 1 мамыр күніне дейін жалғасады.

Йени Шафак газеті «Türksat 6А жер серігі 2 миллиард халықты қамтиды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ғылым және технологиялық зерттеулер кеңесі (TÜBİTAK) төрағасы Хасан Мандал «Türksat 6А» Түркияның алғашқы отандық коммуникациялық жер серігінің жылдың соңында немесе 2024 жылдың басында ғарышқа ұшырылатынын мәлімдеді. Географиялық және халық саны тұрғысынан коммуникация саласында қамту аймағын кеңейтетінін білдірген Мандал «Türksat 6А жер серігі 2 миллиард халықты қамтиды» деді.

Хабер Түрік газеті «Шашты ектіру және пластикалық хирургия үшін 1 миллион 100 мың адам елге келді» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда 2022 жылы Түркияға 1 миллион 860 мыңға жуық адам емделуге келді. Түркияға шаш ектіру және пластикалық хирургия үшін келгендер саны бір миллион 100 мыңға ұласты. Бұған қоса Түркияға медицинаның онкологиядан ортопедияға, жүрек-қан тамырлары хирургиясынан жалпы хирургияға, құлақ, мұрын, тамақ және нейрохирургиядан физиотерапия мен экстракорпоральды ұрықтандыруға дейінгі барлық салада келетін науқастардың саны өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар