Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1969483
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Алғашқы өндірілген “TOGG” Ердоғанға жеткізілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда “TOGG” шығарған алғашқы екі көлігін Президенттік сарайда салтанатты түрде президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоғанға табыс етті. Ердоған ұлттың 60 жылдық арманының орындалғанына куә болғанын айтты.

Хүррийет газеті «Автокөлік әлемінде “TOGG” самалы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 177 мың тапсырыс алған Түркияның отандық автокөлігі «TOGG»-тың 80 пайызы әлеуметтік желідегі бағдарлама арқылы сатылды. Осылайша «TOGG» смарт құрылғысының табысы әлемде алғаш қадам болды. Алдын ала тапсырыс бергеннен кейін ұтыс ойынына қатысқан адамдар бірегей мүмкіндіктері бар «TOGG»-қа ие болады.

Ватан газеті «Селчук Байрактарға мағыналы сыйлық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қарулы пилотсыз әуе көлігі өндірушісі «Байкар» компаниясының атқару директоры және технология жетекшісі Селчук Байрактар ​​Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Гасанов тарапынан Бакуде қабылданды. Селчук Байрактарға Гасанов тарапынан әскери ынтымақтастық саласында қосқан үлесі себепті «Әскери ынтымақтастық» медалі табыс етілді.

Йени Шафак газеті «Politico: НАТО Түркияға мұқтаж» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда американдық «Politico» газеті талдау мақаласында НАТО-ның Түркияға мұқтаж екенін жазған. Түркияның әскери күшіне назар аударған газет бұл күштің Одақтың миссиясы мен операцияларына белсенді түрде үлес қосқанын атап көрсеткен. Түркияның геосаяси жағдайына тоқталған газет «Қаратеңізге кімнің өтетінін Түркия қадағалайды» деп жазған.

Стар газеті «Канадалық дәрігер: Денсаулықта Түркияны үлгі алу керек» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Онтарио медициналық қауымдастығының бұрынғы президенті, дәрігер Сохайл Ганди әлемде көп жылдар бойы атап өтілген Канаданың денсаулық сақтау жүйесінің терең дағдарыста екенін айтты. Түркияның 20 жыл бұрын қабылдаған шешімдерімен жаңа денсаулық сақтау жүйесін құрғанын атап көрсеткен Ганди «Денсаулық жүйесіндегі дағдарысты еңсеру үшін Канада Түркиядан үлгі алуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар