Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1958671
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Хатайды ешқашан жалғыз қалдырмаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше жер сілкінісі болған аймақты бақылау үшін Хатайға барған Президент Режеп Тайып Ердоған «Барлық мекемелерімізбен алғаш күннен бастап, апат аймағындамыз. Хатайды ешқашан жалғыз қалдырмаймыз» деді. Ердоған «Зілзала аймағында осы уақытқа дейін 426 мың шатыр орналастырдық, 2 айдың ішінде 100 мың контейнерді іске қосуды жоспарлап отырмыз» деді.

 Йени Шафак газеті «Чавушоғлу: Халықаралық донорлар конференциясы өтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкіністерінің артынан апаттан зардап шеккендер үшін «Халықаралық донорлар конференциясы» өтетінін атап, «Бұл конференция Еуроодақ  пен одақтың кезекті төрағасы Швецияның бастамасымен 20 наурыз күні өтеді» деді.

Хүррийет газеті «Пәкістаннан жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 1 200 шатыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кахраманмараштағы екі үлкен жер сілкінісінен зардап шеккен 11 қалаға шетелден гуманитарлық көмек материалдары келуде. Осы аяда жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Пәкістаннан жіберілген 1 200 қысқы шатыр кеше Аданаға келді.

Стар газеті «Түркиядан F-16 ескертуі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ-пен F-16 келіссөздеріне байланысты кеше жасаған мәлімдемеде «Конгресс кезеңін күтеміз, жалпы сындарлы атмосфера бар. Бұл мәселеде дәрменсіз емес екенімізді, амалдарымыз бар екенін бәрі білсе дейміз» деді.

Сабах газеті «Оғузхан әлем чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Катарда өткен Рекорд ату бойынша әлем кубогында ұлттық атқыш Оғузхан Түзун алтын медальді жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар