Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1955315
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Чавушоғлу жаһандық реформаға шақырды» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жаһандық экономикалық және қаржы жүйесін реформалау және климаттың өзгеруімен күресу үшін жаңа әдістер табу керектігін айтты. Чавушоғлу «Аз дамыған елдер климаттың өзгеруіне себеп болмаса да ең көп зардап шеккен елдер - солар» деді.

Хүрриет газеті «Тұрғын үйлер ең дұрыс жерлерге салынады» деген тақырып қолданған. Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум Кахраманмараштағы жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың орнына 2 ай ішінде 244 мың 343 тұрғын үйдің құрылысы басталатынын мәлімдеді. «Зілзала аймағындағы қалаларды бірге қайта көтереміз» деген министр елді мекендердің ең дұрыс жерлерге салынатынын айтты.

Стар газеті «Катар Әмірінен әлемге шақыру» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Катар әмірі шейх Тамим бин Хамед әл Сани бүкіл әлемді Кахраманмараштағы жер сілкінісінің жараларын емдеу үшін Түркияға қолдау көрсетуге шақырды. Шейх Тамим «Барлығын Түркияның жер сілкінісі апатының салдарын еңсеру әрекетін қолдауға шақырамын» деді.

Хабер Түрік газеті  «Роналдудан жер сілкінісінен зардап шеккендерге үлкен көмек» деген хабар жариялаған. Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап Түркияға көмек ұшағын жібергені айтылды. Португалиялық ойыншысы сонымен қатар жер сілкінісінен зардап шеккендерге шатыр, азық-түлік пакеті, жастық, көрпе, балалар тамағы, сүт және дәрі-дәрмек алу үшін ақшалай көмек көрсеткен.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдарының (THY) жаңа шешімі» деген хабарға орын берген. Түрік әуе жолдары (THY) жер сілкінісі аймағындағы қалалардан 28 ақпанға дейін алынған, 6 ақпан мен 31 мамыр аралығын қамтитын билеттердің барлығының қайтарылатынын немесе тегін өзгертуге болатынын хабарлады. Осыған сәйкес 2023 жылдың 6 ақпаны мен 31 мамыры аралығын қамтитын бүкіл ел іші және Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатия, Диярбакыр, Адана, Кайсери, Адыяман, Хатай, Елазығқа келетін/ұшатын халықаралық рейстердің билетінің ақысын қайтарып алуға немесе билеттерді тегін өзгертуге болады.



Ұқсас жаңалықтар