Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1927763
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Президент Ердоған мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 2022 жылды  тұтынушылық инфляциясын орташа мерзімді мақсаттан төменірек жүзеге асырумен аяқтағаннын айтты. Ердоған ел астанасы Анкарада жасаған мәлімдемесінде «Біз Түркиядан әлемнің әр еліне өнім сататын және өз аймағының өндірістік базасы ретінде көрінетін елге айналдық» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Чавушоглудан Сирия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей, Сирия және Түркия арасындағы үш жақты кездесуге қатысты «Сыртқы істер министрлерінің кездесуі қаңтар айының екінші жартысында болады» деді.

Сабах газеті «Дыбыстан жылдам «Kızılelma» келеді» атты хабарға орын берген. «Baykar»  компанияның басқару алқасы төрағасы және технология жетекшісі Селчук Байрактар «Kızılelma» туралы сүйінші хабар берді. Байрактар  «Kızılelma» соғыс ұшақтарымен күресе алады. Біз тіпті дыбыстан жылдам нұсқасын жасауды да қарастырып жатырмыз» деп көрсетті.

Ватан газеті «Түркия Болгарияға табиғи газ сатады» деген хабар жариялаған. Түркия мен Болгария арасында жылына 1,5 миллиард текше метрге дейін табиғи газ тасымалдайтын ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Стар газеті «Түркия 2022 жылы 145 миллион доллар гүл экспорттады» атты хабарға орын берген. Сәндік өсімдіктер мен өнімдер секторы өткен жылы 85 елге шамамен 145 миллион долларлық экспорт жасады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар