Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1921661
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Чавушоғлу Швецияға наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция Жоғарғы сотының «FETÖ» террор ұйымы қашқыны Бүлент Кенештің Түркияға қайтарылуы талабын қабылдамауының өте жағымсыз екенін атап «Швеция мен Финляндияның жылы сөздерін емес, нақты іс-әрекетін көргіміз келеді» деді.

Стар газеті «Акардың хабарламасы: Біз ешкімнен рұқсат алмаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италиялық газетке Сирияның солтүстігіндегі террор нысандарына қарсы ықтимал операция туралы сұхбат берген Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Еліміз бен шекарамызды қорғау үшін біз Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының 51-бабынан туындайтын өзімізді қорғау құқығымызды қолданамыз. Мұны жасағанда бізге ешкімнің рұқсаты қажет емес» деді.

Ватан газеті «Отандық әуе қорғаныс жүйелеріне қатысты жаңа шешім» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған басшылық жасаған Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысынан кейін Түркияның әуе қорғанысын күшейту мақсатында жасалған мәлімдемеде «Siper», «Hisar» және «Sungur» жүйелерін жаңа жаппай өндірісі туралы шешімдер қабылданды.

Йени Шафак газеті «Bayraktar TB2 сатып алған елдер саны 27 болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Албания үкіметі мен «Байқар Технология» компаниясы  арасында «Байрактар TB2» қарулы пилотсыз әуе көлігі сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Осылайша «Байрактар TB2» сатып алған елдер саны 27-ге көтерілді.

Хабертүрік газеті «‘Үлкен Юсуф’ Түркияға оралады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Украинаға гуманитарлық көмек жеткізу және түрік азаматтарын эвакуациялау үшін барған және әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Борисполь әуежайында 10 ай бойы тұрып қалған «Кожа Юсуф» атты екі «A400M» ұшағы Түркияға оралды.



Ұқсас жаңалықтар