Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1894405
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Министр Чавушоғлудан Грекияға наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше жасаған мәлімдемесінде Грекияның «Түркия босқындарға қиянат жасауда» деген негізсіз уәждеріне наразылық білдіріп, «Грекия сияқты ең әділетсіз жағдайдың өзінде заңды көрінуге тырысу үшін шынымен ұятсыз және опасыз болу керек» деді.

Стар газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлем күн тәртібін белгілейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк түрік қорғаныс өнеркәсібінің «Байрактар», «Гөкбей» тікұшағы, «TCG Анадолу» кемесі және «ATAK» тікұшағымен әлем күн тәртібін белгілегенін атап көрсетті.

Сабах газеті «Анталияға әуе арқылы келген турист саны 12 миллионнан асты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 16 қазан күні Анталияға әуежолы арқылы келген туристтердің жалпы саны 12 миллионнан асты. Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 51 пайызға өскені байқалды.

Йени Шафак газеті «TURKOVAC-тан кейінгі нысана отандық Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚА) вакцинасы» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда TURKOVAC вакцинасын жетілдірген профессор, доктор Айкут Өздарендели Ковид-19 індеті себепті 2 жыл күтуге мәжбүр болған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы вакцинаны әзірлеуді қайта бастайтындарын және қысқа уақытта 1-ші фазаға өтуді жоспарлағандарын айтты.

Хабертүрік газеті «Автокөлік саласында әрі өндіріс, әрі экспорт өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда жылдың алғашқы 9 айында автокөлік өндірісі 4 пайыз артып, 962 мың 18-ге жетті. Қаңтар-қыркүйек кезеңінде автомобиль экспорты бірлік негізінде 2 пайызға артты. Осы кезеңде жалпы экспорт 687 мың 966 бірлікті, автокөлік экспорты болса 396 мың 604 бірлікті құрады.



Ұқсас жаңалықтар