Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1868787
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеме жасады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше жасаған мәлімдемесінде Сирияда тұрақты бір бейбітшілік үшін бітімгершіліктің керек екенін мәлімдеді. Мевлүт Чавушоғлу Сирияда оппозиция мен режим арасында бітімге келу тақырыбында өткен аптада жасаған бағалауының сол елдегі азаматтық соғысты тоқтату үшін Түркия ортаға қойған талпыныстың бір көрінісі екенін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Министр Акар украиналық әріптесі Резниковпен телефонда әңгімелесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Украинадағы соңғы жағдай мен дәнді дақылды тасымалдау тақырыптарында пікір алмасылды.

Сабах газеті «Тендүрек тауындағы террористтер толығымен тазартылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Тендүрек тауындағы террористердің толығымен тазартылғанын хабарлады. Сойлу бірі қызғылт сары, екіншісі сұр тізімдегі соңғы 2 террористің залалсыздандырылуымен Ағры қаласындағы Тендүрек тауында террорист қалмағанын мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Венгрия «Бәріне ұмтыламыз» деп жариялады: Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға шешім қабылдадық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Венгрия Технология және Өнеркәсіп министрі Ласло Палкович Түркия сапары аясында пилотсыз әуе көліктері саласында ынтымақтастық шараларын талқылағандарын атап, «Венгрия армиясы түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға шешім қабылдады. Түркия шығарған бұл көліктер соғыс майданында жаңа бір бағыт бар екенін көрсетті» деді.

Ватан газеті «Министр Касапоғлу: Ислам ынтымақтастығы ойындары тарихындағы медаль рекордтарын жаңартуды жалғастырамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу Түркияның Конияда өткен 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарында медаль рекордын жаңартқанын мәлімдеді. Министр Касапоғлу «Осы уақытқа дейін 238 медаль жинадық. Бұл Ислам ынтымақтастығы ойындары тарихында бір ел жинаған ең көп медаль. Ойындар тарихындағы ең табысты ел болдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар