Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1859996
Түрік баспасөзіне шолу

 

Сабах газеті «Ердоған Ресейге барады» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған 5 тамыз күні Ресейге барады.  Ердоған Сочиде Владимир Путинмен астық дәлізі, Сирия тақырыбы, Ресей-Украина соғысы және екі жақты қатынастарды талқылайды.

Стар газеті «Стамбулдағы тарихи келісімнен кейін маңызды оқиға» деген тақырып қолданған.

Ресей Қорғаныс министрлігі кеше бір хабарлама жариялап, астық дәлізі келісімі шеңберінде Стамбулда құрылған Ортақ координация орталығының ісін бастағанын хабарлады.

Хүрриет газеті Министр Дөнмездің сөздеріне орын берген.  Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез 9 тамыз күні «Абдулхамид Хан» бұрғылау кемесінің Мерсин портынан өз қызметін бастайтынын білдірді. 

Хабер Түрік газеті «IMF Түркияның өсім болжамын арттырды» деген хабар жариялаған.  Халықаралық Валюта фонды Түркия экономикасының биыл 4 пайызға өсетінін болжады.

Йени Шафак газеті түріктің отандық әскери дроны жайлы хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Америка Құрама Штаттары және Еуропа тарапынан жақыннан бақылауға алынған түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары үшін жаңа сатып алушы шықты. Әсіресе Ресей-Украина соғысы және Әзербайжан-Армения соғыстарындағы күшімен назар аударған «Bayraktar TB2” әуе аппараттары үшін  көптеген ел кезекке тұрған еді.  Түрік әскери дрондарын енді Бангладеш сұрап отыр.



Ұқсас жаңалықтар