Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1858096
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің нәтижесіне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында кеше Анкарада өткен Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналысынан кейін мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеде «Терроризммен күрес операциялары жөнінде мәлімет берілді. Шаралар қарастырылды» деп айтылды.  Айырықша мәлімдемеде Грекияның арандатушы әрекеттерін арттырып жалғастыруының қабылданбайтыны білдірілді.

Стар газеті Сыртқы істер министрінің мәлімдемесіне орын берген. Ирактың Духок аймағында болған шабуылға байланысты мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Түрік Қарулы күштерінен алынған мәліметке қарағанда, біз бейбіт халыққа қарсы ешбір шабуыл жасамадық» деді.

Сабах газеті Әлемдік банктен Емине Ердоғанға берілген марапатқа орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанға нөлдік қалдық жобасы және климат тақырыбында жүргізген жұмыстарына байланысты Әлемдік банк бірінші рет берілген «Климат және даму лидерлік марапатын» берді.

Хабер Түрік газеті «Аккуюда соңғы реактордың іргетасы қаланды» деген хабар жариялаған. Мерсиннің Гүлнар ауданында құрылысы жалғасып жатқан Түркияның тұңғыш атомдық стансасы Аккуюда төртінші және соңғы реактордың іргетасы кеше қаланды.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Республиканың 100 жылдығында (2023) ашылатын стансаның бүгінгі қалпымен әлемнің ең ірі құрылысының бірі екенін айтты.

Ватан газеті «Отандық дрондар АҚШ баспасөзінде» деген хабар жариялаған.  Отандық және ұлттық мүмкіндіктермен өндірілген түрік ұшқышсыз әуе аппараттары әлемнің күн тәртібінен түспеді. Американың «Wall Street Journal» газеті «Дрондар, адамсыз теңіз көліктері Түркияны қару өнеркәсібінде орталық қылды» деген тақырыппен ауқымды мақала жариялады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар