Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1856243
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті заңсыздық туралы хабарға орын берген.  Грек Жағалау қауіпсіздігі Эгей теңізінде босқындарды тасыған қайықты кері қайтарып жатқанда ұсталып қалды.  Түрік су айдыны құқығын бұзып, босқындарды өлімге итерген грек қайығын ұшқышсыз әуе аппараты түсіріп алды.  ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі Эгей теңізінде Грекияның қауіпсіздік қызметі қайығының босқындарды түрік су айдынына қарай итермелегенін көрсететін көріністерді жариялады. Босқындарды Түрік Жағалау қауіпсіздігі құтқарып қалды.

Стар газеті «Түркияның «дрон аулайтын» аппараты инвентарьге енді» деген хабар жариялаған.  Әскери электронды өнеркәсібі АСЕЛСАН-ның «дрон ұстайтын» «Шахин» атты аппараты бірінші рет инвентарьге енгізілді.  Мини немесе микро ұшқышсыз әуе көліктерін жою үшін жетілдірілген «Шахин» маңызды бекіністердің қорғалуы, шекара қауіпсіздігі, әуе қорғанысы секілді салаларда қолданылады.

Сабах газеті «Түрік мердігерлері шетелде 132 жаңа жобаны игереді» деген тақырыпты хабарға орын берген.  Түрік мердігерлері шетелде биыл 6 айда 132 жаңа жобаның жауапкершілігін алды. Жаңа жобалардың барлық сомасы 4,6 миллиард долларды құрайды.  Түрік мердігерлері жауапкершілік алған жаңа жобалар көбіне Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясында.

Хүрриет газеті «Украинаға қызанақ Невшехирден барады» деген хабар жариялаған.  Украина соғысқа байланысты көкөніс мұқтаждықтарын Түркиядан қамдай бастады.  Невшехирдің Козаклы ауданында геотермалды жылыжайларда өсірілген қызанақтарды сұраған Украина  бірінші рет осы қаладан қызанақ сатып алады.  Аймақтан Украина тысында Молдова, Сербия, Болгария, Нидерландыға қызанақ сатылады.

Ватан газеті «Түрік дәрігерлер медицинада жаңалық ашты» деген хабарға орын берген. Радиолог Проф. Рахми Өклү жетілдірген рак емінде тамырдың ішінен атқарылатын және ісіктің өсуін тоқтататын гидрогел әдісі Америка Азық-түрік және Дәрі-дәрмек мекемесінен (FDA) лицензия алды. Бұл әдістің медицина тарихында бірінші рет болуы және бірінші рет FDA лицензиясын алуы медицинада «Алтын стандарт» деп аталды.



Ұқсас жаңалықтар